• Түркістан қ., Тәуке хан даңғылы №340
  • Байланыс:+7 (72533) 3-10-11
  • ДC - ЖМ: 8:00 AM - 19:00 PM

«Ұлы дала» музейіне саяхат жасалды

Мар 16, 2023 Жаңалықтар

«Бағдарламалау және дизайн» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің «Әлемді бейнелеген нақты ғылымдар» тақырыбындағы айлық іс-шарасы барысында А.Халилаева ЕТБ-0922-1 тобының студенттерімен Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімін қалыптастыру мақсатында ұрпақтан-ұрпаққа мирас болған рухани құндылықтарымызды насихаттауға «Ұлы дала» музейіне саяхат жасады.

«Ұлы дала» музейінде ЕТБ-0922-1 тобы оқушыларына музей қызметкерлері осында сақталған бейнелеу өнері туындылары, көшпенді халықтың жай-күйі, тұрмыстық қолданыстағы көне жәдігер заттар туралы баяндап берді. Экскурсиядан соң студенттер естелік суретке түсіп, топ жетекшісі мұражайдың электронды планшеттеріне өз армандарын жазып қалдырды.