«Бағдарламалау және дизайн» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің арнайы пәндер оқытушысы Дүйсенбай Фариза колледж студенттеріне «Ойла да, ойна» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтті.

Ашық тәрбие сағатының мақсаты: барлық саланы қамту арқылы оқушылардың сөздік қорын байыту, ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау өрісін дамыту, ұйымшылдыққа, бір-бірімен ынтымақтастыққа, шапшаңдыққа үйрету.

Ашық тәрбие сағаты барысында білім алушылар «Ой ширату», «Мозайка», «Лингвистикалық сыңарын табу», «Мультфильм кейіпкерлерін дыбыстау», «Мақалды жалғастыр» кезеңдері арқылы білімдерін шыңдады және ұйымшылдықпен тапсырмаларды орындады.

Ашық тәрбие сағаты соңында жасалған «Жағымды сәттер» деп аталатын сергіту сәтінде білім алушылар өз ойларын еркін жеткізу және бір-бірлеріне тілек тілей отыра бір шеңбер түзді. Ашық тәрбие сағаты қойылған мақсатына жетті.

#

Comments are closed