«Бағдарламалау және дизайн» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің арнайы пән оқытушысы Б.Мәмбетова ЕТБ-0920-1 тобының студенттеріне «Жүк ұстағыш құралдар мен жүк көтергіш механизмдерді қолдану» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Сабақта “Табысты сәт” әдісі мен “Flippity” платформасында кездейсоқ топқа бөлу әдістемесін қолданды. Сабақ барысында «Түс датчигі. Түсті анықтау» өткен тақырып бойынша «Сәйкестендір» әдісімен және тәжірибелік тапсырма арқылы сұралды. Біріншісінде роботтың датчиктері мен моторлары беріледі, осы бөлшектерді роботтың модулінің порттарына жалғау көрсетіледі. Екіншісінде робот өзіне берілген түстерді танып, сол түстердің аттарын ағылшын тілінде атап береді және робот қара жолақ бойымен жүріп өту арқылы тәжірибелік тапсырмалар орындалды. Топтарға бөлінген оқушылар үй тапсырмасын өте жақсы жасап шықты.

Жаңа тақырыпта табысты сәт әдісінің «Мен түсінемін» кезеңінде оқытушы жүк ұстағыш құралдарды жасау жолдары мен жасау барысында ескеретін техникалар, жүк ұстауға арналған детальды жасау жолдарын көрсетті. Оқушыларға толық ақпарат берілді.

Сабақты бекіту табысты сәт әдісінің «Мен жасай аламын» кезеңінде оқушылар оқытушының көрсетуімен роботты толық жасап шығып, оны мобильді басқарды. Нәтижесінде жүк тасығыш робот өз қызметін толық атқарды. Оқушыларды бағалау барысы қамтылды. Оқушылар сабақты қызығушылықпен толық меңгеріп шықты.

#

Comments are closed