Колледжімізде орыс әдебиеті пәнінен К. Паустовскийдің «Бескорыстие» шығармасы және «Однородные члены предложения» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақ барысында заманауи оқыту әдістері мен интерактивті тапсырмалар тиімді қолданылып, студенттер өз білімдерін, ізденімпаздықтары мен белсенділіктерін көрсетті.
Ашық сабақтың негізгі мақсаты – студенттердің тілдік сауаттылығын арттыру, әдеби шығарманың мазмұнын терең түсіндіру, сонымен қатар адамгершілік, мейірімділік, ізгілік пен риясыз жақсылық жасау құндылықтарын дәріптеу.
Сабақ мазмұнды әрі танымдық бағытта ұйымдастырылып, білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті.

#

Comments are closed