Түркістан Ахмет Ясауи колледжінің кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Кітапқа 10 минут» оқу акциясы ұйымдастырылды.
Акцияның басты мақсаты – студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, күнделікті кітап оқуды пайдалы әдетке айналдыру.
Кітап оқуға бөлінген небәрі 10 минуттың өзі ой-өрісті кеңейтіп, сөздік қорды байытуға, жаңа білім алуға жол ашады. Сонымен қатар оқыған кітаптары бойынша пікір алмасып, өз ойларын ортаға салуға мүмкіндік береді.
Өйткені кітап оқуға бөлінген әрбір минут – рухани дамуға жасалған қадам! 📖

Comments are closed