2023 жылдың 16 мамыр күні “Түркістан Ахмет Ясауи” кәсіби колледжінде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен студенттер арасында кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге Түркістан ҚПБ-ның ЖПҚ-нің УПИ-ы полиция аға лейтенанты – Ш.Ж.Сламхан, Түркістан ҚПБ ЖПҚ ЮПТ УПИ-ы полицей капитаны – М.Оралов келді. Сонымен бірге, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ш.Надирбаев және колледждің оқытушылары мен студенттері де қатысты.
Жиналыстың негізгі тақырыбы бойынша, полиция қызметкерлері қала көлемінде кәмелетке толмағандар арасында жалпы орын алып отырған құқықбұзушылықтарға тоқтала кетіп, кәмелетке толмағандар 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке, ал 16 жастан бастап әкімшілік құқықбұзушылық бойынша жауапкершілікке тартылатынын ескертіп, қылмыс түрлерін саралап, оның жауапкершілігі жайлы түсіндірді. Сонымен қатар, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық жайында және бөтеннің мүлкін ұрлау, қарақшылық, алаяқтық туралы баяндап, одан сақ болудың жолдарын түсіндірді. Бүгінгі таңда оқу орындарында да, қоғамдық орындар да және сауда-саттық орындарында да бейнебақылау камералары бар екендігін ескертіп, қылмысқа барудың соңы жақсылыққа алып келмейтіндігін нақты мысалдар келтіре отырып жеткізді. Балаларға иманды да инабатты, елі мен жерін сүйетін тұлға болу керектігін айтып, оларды өтірік айту, ұрлық жасау сияқты түрлі зиянды заттардан, әрекеттерден аулақ болуға шақырды.
Студенттер өз тараптарынан сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды.
Comments are closed