Желтоқсан айының 15-і күні «Гуманитарлық» пәндік ( циклдік ) комиссия бірлестігінің айлық іс -шарасы аясында педагог-психолог Г.Сауқымбаева әлеуметтік педагог Б.Тұрсынханмен бірлесе ЕТБ-0920-1 мен ЕТБ-0923-3 тобының студенттеріне «Келіңіз, көңіліңіз сергісін!» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Тренинг жоспарында өз-өзіңмен күрес, ой-жүйрік, стрессті жеңе біл, кедергіден алып шығу, ой мен ойын т.б ойындар өткізілді. Тренингтің мақсаты: студенттердің топ алдында өздерін еркін ұстау, бір-біріне деген қарым-қатынасын нығайту, емтихан алдында студенттерге мотивация беру, артық ойдан арылып , өмірге құштарлығын ашу болды. Семинар-тренинг қатысушыларға ұнап, көңіл-күйлері көтеріліп қайтты.

#

Comments are closed