Құрметті отандастар! Сіздерді ел Тәуелсіздігінің 32 жылдығымен құттықтаймыз!

Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті.

Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойы асыл мұраты -азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бүгінгі елеулі мерекеде колледж ұжымына және өскелең ұрпаққа барлық бастамаларына сәттілік, мықты денсаулық, бейбітшілік, ырыс-береке тілейміз.

#

Comments are closed