Кітап оқу – адамға өзіндік әсер етіп, оның адам болып қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кітап оқу мен кітапханаларды қолдау қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі екенін айрықша атап айтқаны баршамызға белгілі. Ал кітапты сыйлау – асыл тастардан да құнды.

«Оқуға құштар колледж» жобасын іске асыру мақсатында 14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай кітапханада «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы өтті.

Акцияның мақсаты: кітап мәртебесін көтеру, жастарды патриотизмге, еңбекті сүюге, жалпыұлттық құндылықты әрбір жастың бойына сіңіріп, білімді де мәдениетті болып тәрбиеленуіне үлес қосып, кітап оқуды насихаттау, кітапхана қорын толықтыруға атсалысуға шақыру.

Кітап мәртебесін көтеру мен жастарға кітап оқуды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған акцияға колледжіміздің басшылары, оқытушылары, жекелеген студенттері қатысып көптеген құнды кітаптарды қорға тарту етті. Сыйға тартылған кітаптар кітапхананың арнайы кітап бұрышына орналастырылды.

Сіздер сыйға тартқан әрбір басылым – маңызды, өйткені ол сол кітаптың ғұмырын созуға, кітапханаға көмек беруге және оқырмандарымыздың рухани байлығын дамытуға, оқу мәдениетін жақсартып, уақыттарын тиімді пайдалануға мүмкіндікті күшейтеді.

Барша қатысушыларға акцияға атсалысып, колледж кітапханасының қорына сыйға тартқан кітаптарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.

Сіз сыйлаған әрбір кітап өз оқырманын табатынына сенімдіміз!

#

Comments are closed