Бүгін колледжімізде «Аграрлық» бөлімше оқытушыларының ұйымдастыруымен «Мамандық таңдау – маңызды іс» тақырыбында ашық есік күні өтті. Аталған шараға қала мектептерінің 9, 11 сынып оқушылары мен ұстаздары қатысып, колледжде оқытылатын мамандықтар жөнінде кеңінен мәлімет алды.

Колледж оқытушылары оқушыларға дұрыс мамандық таңдай білудің маңызын айтып, оқу орны туралы мәлімет берді. Кездесу барысында жас талапкерлер оқу ғимаратын аралап, кітапхана, спорт залы, ашық алаңды көріп қайтты.

Оқушылар қызыққан мамандықтары жайында сұрақтар қойып, кеңірек ақпарат алды.

Ашық есік күніне Түркістан қаласының 9 мектебінен білім алушылар келіп, колледж өмірінің тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.

#

Comments are closed