Ақпан айының 7-сі күні «Ұлы Дала елі» орталығында «Ясауи ізімен» сюжетті-деректі фильмінің көрсетілімі өтті. Бұл туынды түркі әлеміне ортақ ғұлама ұстаз Ахмет Ясауидің 930 жылдығына арналған «Ясауи мұрасы» республикалық насихаттық іс-шарасы аясында «Бала Ахмет» анимациялық фильмі мен «Ясауи мұрасы» атты анимациялық топтамасы және танымдық кітап жарық көрген. Көрсетілім мақсаты – жастардың бойына ұлттық руханиятымыз бен адамгершілік құндылықтарды сіңіре отырып, ғұламаның мұрасын жан-жақты насихаттау.

#

Comments are closed