2022 жылдың 31 қазан күні колледж кітапханасында “Біз Абайды білеміз, оқимыз, бағалаймыз!” тақырыбында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Біләл Мереке іс-шара өтті.
Аталған іс-шараның мақсаты: Әдеби аукцион типінде Абай шығармашылығын талдай отырып, білім алушылардың білімдерін жүйелеу, жинақтау, шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту, оларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Іс-шара барысында Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер білім алушыларға беріліп, оның кітаптарымен таныстырды.
Іс шараға ЕТБ-0922-2 тобының студенттері қатысты. Оқытушы топты “Ибраһим” және “Телғара” деп екі топқа бөліп, “Ойлан,тап!” ойыны арқылы бейнеленген суреттерде ақын өлеңдерінің бір шумағын тауып, сонымен бірге “Аукцион” ойынында 10-20-30-40-50 ұяшықтағы сұрақтарға жауаптар алды.
Нәтижесінде “Ибраһим” тобы үздік шығып, жеңімпаз атанды.

#

No responses yet

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *