• Түркістан қ., Тәуке хан даңғылы №280
  • Байланыс:+7 (72533) 3-10-11
  • ДC - СБ: 8:00 AM - 19:00 PM

Колледж кітапханасында іс-шара болып өтті

Ноя 2, 2022 Жаңалықтар

2022 жылдың 31 қазан күні колледж кітапханасында «Біз Абайды білеміз, оқимыз, бағалаймыз!» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Біләл Мереке іс-шара өтті.
Аталған іс-шараның мақсаты: Әдеби аукцион типінде Абай шығармашылығын талдай отырып, білім алушылардың білімдерін жүйелеу, жинақтау, шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту, оларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Іс-шара барысында Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер білім алушыларға беріліп, оның кітаптарымен таныстырды.
Іс шараға ЕТБ-0922-2 тобының студенттері қатысты. Оқытушы топты «Ибраһим» және «Телғара» деп екі топқа бөліп, «Ойлан,тап!» ойыны арқылы бейнеленген суреттерде ақын өлеңдерінің бір шумағын тауып, сонымен бірге «Аукцион» ойынында 10-20-30-40-50 ұяшықтағы сұрақтарға жауаптар алды.
Нәтижесінде «Ибраһим» тобы үздік шығып, жеңімпаз атанды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *