Қыркүйек айының 12-сі күні колледжде қыз тәрбиесі – қоғам тәрбиесі екендігін түсіндіру мақсатында жалпы қыздар жиналысы өтті. Жиналысқа Түркістан ҚПБ ЖПҚб ЮПТ УПИ полиция капитаны А.Қаражігітова, полиция аға лейтенанты А.Суттибаева, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.Надирбаев, колледж қыздар кеңесінің төрайымы Н.Ибрагимова, мейірбике Ү.Қадарбекқызы, педагог-психолог Г.Сауқымбаева, әлеуметтік-педагог Б.Тұрсынхан қатысып, қыздардың қылығы мен тәртібі, қыз мәдениеті, қыздың құндылығы мен сыпайылығы дәріптеліп, талқыланды.
Жиналыс барысында жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау, оның алдын алу шараларын жүргізу, олардың құқықтық білімін арттыру – жергілікті мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымдарының негізгі міндеті десек, бүгінгі күні білім беру саласы жұмысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу – өте өзекті мәселе екендігін түсіндіре отырып, оқушылардың әлімжеттік оқиғасының дұрыс еместігін, оның қылмыстың түрі ретінде жазаға тартылатындығы және ата–ана да жауапты болып айыппұл салынатындығы туралы түсіндірілді. Жиналыс барысында студенттердің көкейкесті ойларын тыңдалып, сұрақтарына жауап берілді.

АхметЯсауиКолледжі

БіртұтасТәрбие

#

Comments are closed