• Түркістан қ., Тәуке хан даңғылы №280
  • Байланыс:+7 (72533) 3-10-11
  • ДC - СБ: 8:00 AM - 19:00 PM

М.Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған іс-шара өтті

Ақпан 28, 2023 Жаңалықтар

2023 жылы 27 ақпан күні «Гуманитарлық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің педагогика және психология пәнінің оқытушысы Т.Шәмшат колледж оқушыларына «Ұлы тарих кемел келешекке жетелейді» тақырыбындағы апталық іс-шара жоспарына сәйкес, Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы М.Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған «Алаштың сөнбес жұлдызы Мағжан» атты сабақтан тыс іс-шара өтті.

Мақсаты – оқушыларды Қазақ елінің мақтанышына айналған Алаш қозғалысының қайраткері, ақын жазушы Мағжанды құрметтеуге, шығармаларын үлгі ете отырып, отансүйгіштікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

Іс-шара барысында оқушылар Мағжан туралы жазылған Ұлылардың ұлағатты сөздерімен, ақынның «Сағындым», «Түркістан», «Мен жастарға сенемін» атты жыр шумақтарымен бөлісіп, «Япыр-ай» әнінің шығу тарихынан көрініс қойды.

Мағжан Жұмабаевтың өмір жолы мен шығармашылығынан сұрақтар қойылып, іс шара соңын «Сен сұлу» өлеңін хормен айту арқылы аяқтады.