Колледж білім алушыларының қатысуымен жыл сайын өтетін оқу-дала жиынына әдеттегідей алдын ала санитарлық- дезинфекциялық жұмыстары жүргізілді.
2025 жылдың 12-мамырынан І курс білім алушыларына арналған әскери-патриоттық «Оқу дала жиыны» және қыздармен медициналық практикалық сабақтарға дайындық жұмыстары басталады.
Оқу дала жиынының басты мақсаты – өскелең ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелеу, дарынды жастарды қолдау, жастарға алғашқы әскери дайындық жөнінде мәлімет беру.
«Оқу дала жиыны» кезінде білім алушылардың өмір қауіпсіздігі мен денсаулық жағдайы толыққанды бақылауға алынып, санитарлық талаптар қатаң сақталады.
5 күнге жоспарланған «Оқу дала жиыны» 2025 жылдың 12-16 мамыры аралығында өткізіледі.

#

Comments are closed