2023 жылғы  27 маусым күні  «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің әдіскері Ә.Керімқұлдың ұйымдастыруымен  техникалық   және   кәсіптік   білім  беруді жаңартуға  көмек көрсету, техникалық және қызмет көрсету еңбегі саласында бәсекеге қабілетті мамандар даярлау, олардың білім сапасын көтеру мақсатында  «Педагогтың кәсіби құзыреттілігі білім сапасын көтерудің факторы»  тақырыбында оқытушылар арасында    педагогикалық оқу өткізілді.

         Нәтижесінде «Гуманитарлық»  пәндік  (циклдік)  комиссия  бірлестігінің  педагогика және психология  пәндерінің  оқытушысы   Шәмшат Толқын Октябрьқызы  «Сабақ беру- жаңадан  жаңаны  табатын өнер» тақырыбындағы баяндамасы үшін жүлделі  І орынмен, «Агроөндірістік»  пәндік  (циклдік)  комиссия  бірлестігінің  арнайы пәндер    оқытушысы  Қуанышбек  Айжан  Жәнібекқызы «Нәтижеге бағытталған білім берудегі  тиімді  педагогикалық технологиялар» тақырыбындағы баяндамасы  үшін        ІІ орынмен,  «Филологиялық»  пәндік  (циклдік)  комиссия  бірлестігінің  ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Әсілханқызы Ақниет  «Ағылшын тілін үйретудің тиімді жолдары» тақырыбындағы баяндамасы үшін   ІІІ орынмен  марапатталды.

          «Бағдарламалау және  дизайн»  пәндік  (циклдік)  комиссия  бірлестігінің   информатика пәнінің оқытушысы  Дүйсенбай  Фариза Мұхтарқызы  «Демонстрациялық емтиханды  ұйымдастыру жолдары» тақырыбындағы баяндамасы үшін жүлделі  «Жаңашыл оқытушы»  номинациясымен,   «Әлеуметтану және педагогикалық»  пәндік  (циклдік)  комиссия  бірлестігінің дене шынықтыру   пәнінің оқытушысы Мирзаханова Феруза Халдарқызы  «Дене тәрбиесі сабағында оқытудың жаңа технологиясын  енгізудің тиімділігі» тақырыбындағы баяндамасы үшін  «Зерделі ұстаз» номинациясымен  марапатталды.

#

Comments are closed