2022 жылы 23 қараша күні «Бағдарламалау және дизайн» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің арнайы пән оқытушылары А.Қуанышбек пен Ф.Дүйсенбай апталық іс-шара жоспарына сәйкес ВДН-0921, ЕТБ-0920-1 топ студенттеріне «QR квест» интелектуалды сайысын ұйымдастырды.
Сайыстың негізгі мақсаты – білім алушылардың танымдық және өздігінен ойлау қабілеттерін дамыту, білімге құштарлығын, белсенділігін арттыру.
Интелектуалды сайыс «Кім жылдам?», «Ойлан,тап!», «Жалғасын тап…», «Ақылдассаң шешерсің», «Кім көп біледі?» атты 5 кезеңді қамтыды. Әрбір кезең бойынша екі топтың студенттеріне қызықты тапсырмалар беріліп, сайыс нәтижесінде ЕТБ-0920-1 тобының студенттері жоғары ұпаймен жеңіске жетті.
No responses yet