• Түркістан қ., Тәуке хан даңғылы №340
  • Байланыс:+7 (72533) 3-10-11
  • ДC - ЖМ: 8:00 AM - 19:00 PM

«Бір колледж — бір кітап» акциясы аясында іс шара өтілді

Ноя 23, 2022 Жаңалықтар

2022 жылы 23 қараша күні «Бір колледж — бір кітап» акциясы аясындағы іс шара жоспарына сәйкес «Бағдарламалау және дизайн» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің оқытушысы А.Халилаева колледж студенттеріне А.Байтұрсынұлының «Маса» шығармасына ауызша журнал тақырыбында сабақтан тыс іс-шара өтті.
Сабақтан тыс іс-шараның мақсаты — оқушылардың кітап оқуға деген құштарлықтарын арттыру.
Тәрбиелік мәні — Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға, құштарлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтан тыс іс-шара барысында «Сәлем – сөздің атасы» әр оқушы өздерін таныстырып, «Білгенге маржан», Сәйкесін тап, «Ізденіс» тапсырмалары орындалып, А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына тоқталып, оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөлісті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *