2022 жылы 15 қараша күні «Гуманитарлық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің география пәнінің оқытушысы С.Сайдуллаева ЭЕА-0922 тобының студенттеріне “Су және экологиялық із” тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақтың мақсаты: суды пайдалану мен су тапшылығы мәселелерін және “экологиялық із” туралы түсіндіру. Тәрбиелік мәні – студенттерге судың ластануы мен су ресурстары экологиясының мәнін аша отырып, ой-өрісін дамыту.
Сабақ барысында су тапшылығы, су дағдарысы түсініктеріне сипаттама берілді, дүниежүзінде су дағдарысынан зардап шегіп отырған мемлекеттермен танысып, су тапшылығын шешу жолдары қарастырылды. “Тұщы су” бейнебаяны көрсетілді.
Сабақты бекіту үшін студенттерді үш топқа бөліп – “Постер қорғау” әдісі, “Анаграмма”, “Лабиринт” ойындары мен “Кубок” әдістері арқылы білім алушылардан жауаптар алынды.

#

No responses yet

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *