2022 жылы 16 қараша күні Түркістан облыстық “ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы” МКҚК-ның мамандарымен оқу ордамыздың білім алушыларымен кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты – жастарға АИТВ/ЖИТС туралы ақпарат бере отырып, оларды қауіпсіз мінез-құлық дағдысына үйрету және АИТВ-мен өмір сүруші адамның құқықтарына құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
АИТВ (адамның иммунитет тапшылығының вирусы), ЖИТС (Жұқтырылған иммунитет тапшылығының синдромы) туралы түсініктер, АИТВ-ның әлем бойынша таралуы, эпидемиологиялық жағдайы, АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды әлеуметтік қорғау туралы, оның алдын алу жолдары, салауатты өмір салтын ұстану жайында толығырақ мәліметтер беріліп, білім алушылармен сұрақ-жауап алмасып, пікірлері тыңдалды.

#

No responses yet

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *