Бүгін оқу ордамызда «Жастар арасындағы алаяқтық және құқықбұзушылық, қаржы пирамидасына қарсы күрестің, вандализмнің, сонымен қатар келеңсіз жағдайлардың(зорлық-зомбылық, әлімжеттік, аутодеструктивті мінез-құлық, өзіне-өзі қол жұмсау) алдын алу» бойынша ақпараттық-насихаттық топтың кездесуі өтті.
Жиналысқа қатысқандар:
1)Ішкі саясат бөлімі “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің инспектор маманы-С.Ержанқызы. Жастар ресурстық орталығының психолог – А.Маратқызы;
Түркістан ҚПБ ЖПҚ ЮПТ учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны – С.Бекболатов;
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Ш.Надирбаев;
Колледж психологы –Г.Сауқымбаева және 1-4 курс студенттері.
Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу, жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларының алдын алу, лудомания, вейп, буллинг, кибербуллингтен қорғанудың алдын алу және тәртіпті бұзбауға шақырып, ұлдар тәрбиесі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылар өз пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын айтты.
Жиналыс барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Ш.Надирбаев өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім орната отырып, бүгін мен болашаққа деген жауапкершілік қалыптастыру қажет екенін түсіндірді. Сонымен қатар, түнгі уақытта беймезгіл жүрмеу керектігі жайында айтып өтті.

#

Comments are closed