2026 жылдың 15 маусымында Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи кәсіби колледжінде «Киім дизайны» мамандығы бойынша КДН-0924 тобының білім алушыларынан демонстрациялық емтихан алынды.
Емтихан барысында студенттер құрақ бұйымының эскизін әзірлеп, оны тігіп, дайын өнім ретінде ұсынды. Практикалық тапсырма білім алушылардың кәсіби дағдыларын, шығармашылық қабілетін, ұқыптылығын және ұлттық қолөнерге деген қызығушылығын айқын көрсетті.
Құрақ құрау – халқымыздың ұлттық болмысын, шеберлік дәстүрін және көркемдік талғамын танытатын құнды өнер түрі. Бұл бағыттағы жұмыстар студенттердің сабырлылық, төзімділік, дәлдік және эстетикалық талғам сияқты қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.
Әрбір дайындалған бұйым білім алушылардың еңбегі мен ізденісінің нәтижесін көрсетті. Студенттерге алдағы уақытта шығармашылық табыс, кәсіби өсу және сәттілік тілейміз!
#АхметЯсауиКолледжі#КиімДизайны#ДемонстрациялықЕмтихан#ҰлттықҚолөнер

Comments are closed