Мамыр айының 3-і күні Түркістан облысының білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен облыс педагогтеріне SCAFFOLD-ты инновациялық оқу мазмұнын әзірлеуге және негізгі құзыреттерді қолдауға мүмкіндік беретін оқыту дизайн құралы ретінде практикалық пайдалану дағдыларын жетілдіру мақсатында семинар өтілді.

Семинар барысында қатысушы педагогтерге бақылау құралдарын әзірлеу, сондай-ақ колледжде сабақты ұйымдастыру барысында тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануда сұрақтарды, ойларын тұжырымдау және мағыналы идеялар алу қабілетін арттыру мақсатында «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде 6 педагогтің сабағын бақылау процесі жүрген болатын. Атап өтетін болсақ,

• Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Мырзабек Тоғжан;

• Математика пәні оқытушысы Халила Жансая;

• Биология пәні оқытушысы Байырбекова Ұлбосын;

• Физика пәні оқытушысы Манжан Ақжайсан;

• Ағылшын тілі пәні оқытушысы Әсілханқызы Ақниет;

• Физика пәні оқытушысы Шарипова Зиёда.

Сабаққа енген педагогтер сабақ соңында өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибе алмасып, ізгі тілектерін білдірді. Осы орайда, аталған педагогтердің кәсіби шеберліктеріне тағы бір көз жеткіздік. Тәжірибе алмасу – педагогтің кәсіби өсуінің басты кепілі екенін ескерсек бұл іс-шараның берері мол екенін аңғарамыз.

Барша ұстаздарға толағай табыс тілейміз!

#

Comments are closed