2023 жылы 28 ақпан күні “Гуманитарлық пәндер” бөлімшесінің арнайы пәндер оқытушысы Г.Қалдыкөзова ЗҚТ-0921-2, ЗҚТ-1121 топтарының оқушыларына “Тергеу судьясының өкілеттілігі” тақырыбына сәйкес, Түркістан қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы Космуратов Абдуали Сматуллаевич семинар сабақ өтті.

Семинар сабақ барысында судья Космуратов Абдуали Сматуллаевич тергеу судьясы анықтаушының, анықтау органының, тергеушiнiң және прокурордың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) және шешiмдерiне жасалған шағымдарға баға беретіндігін және адвокаттар мен прокурорларды қоспағанда, сотқа дейiнгi iс жүргiзуде процестiк мiндеттердi орындамайтын тұлғаларға ақшалай өндiрiп алуды қолдану тергеу судьясының құзырына жататындығын түсіндірді.

#

Comments are closed