Бүгін «Таза Қазақстан» акциясы бойынша Түркістан облысының күніне орай «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі қызметкерлері тазалық жұмыстарына кірісіп, сенбілік өткізді.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының алғашқы аптасы басталды. «Таза өлке» деп аталған науқанның бірінші аптасын ұжым қызметкерлері қуана қабылдап, оқу ордасының аумағына ағаш көшеттерін, гүл көшеттерін отырғызып, көгалдандыру жұмыстарын бастап кетті.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрғындардың, жастардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында ұйымдастырылған бұл науқанның қаламыздың тазалығына, түрленуіне қосар үлесі зор!

#

Comments are closed