Бүгін оқу ордамыздың барлық білім алушыларына «Ұлттық тәрбие – құндылық негізі» тақырыбында жиналыс өтілді. Жиналысқа Түркістан қаласы прокуратурасының прокуроры Тәжі Асхат Артықбайұлы, Түркістан ҚПБ ЖПҚ ювеналды полиция тобының аға УПИ полиция майоры Қапашов Керім Жақыпбекұлы, колледж директоры орынбасарлары Д.Еркебалаев, Ш.Надирбаев қатысты. Жиналыс барысында жасөспірімдер арасында орын алып жатқан келеңсіз жағдайлардың алдын алу және оларды болдырмау шаралары талқыланды.
Баяндамашылар жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, ерте жүктілік пен кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігін алдын алу бойынша, сондай-ақ, жастар арасында болып жатқан қылмыстың түрлі мәселелеріне тоқталды. Қазіргі таңда жастар арасында, әсіресе кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі жөнінде мектептерге, колледждерге, жалпы оқу орындарына барып, профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын, оның ішінде кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі сағат 22:00-де ойын сауық орындарында отыруы, сондай-ақ түнгі сағат 23:00-ден кейін көшеде жүруге болмайтынын, түнде жүрген кезде бірінші ескерту беріліп, сосын айыппұл салынатындығын, егер де осы аталғандар орындалмаған жағдайда есепке алынатынын айтты.
Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастардың қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажетті екендігін атап өтті.
Comments are closed