Бүгін «Farab» кітапханасында «Worldskills Turkistan – 2024» облыстық чемпионатының жабылу салтанаты болып өтті.

Жалпы қорытынды есепте «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі облыстық чемпионаттан 5 құзыреттілік бойынша І орынды иеленді. Атап айтқанда:

– «Мобильді робототехника» құзыреттілігі – Ермахан Айдын, Дүйсен Ернұр

«Ақпараттық кабельдік желілер» құзыреттілігі – Егізбай Оразәлі

– «Графикалық дизайн» құзыреттілігі – Раева Гаухар

– «Мобильді қосымшаларды әзірлеу» құзыреттілігі – Сейдулла Нұр

– «Мейрамхана ісі» құзыреттілігі – Қуандық Бейсенбек

Үш құзыреттілік бойынша 3 орын иеленді. Олар:

– «Веб технологияларды құру» құзыреттілігі – Заманов Бекзат (LEGENDA)

– «Желілік және жүйелік әкімшілендіру» құзыреттілігі – Ажибек Азамат

– «CAD инженерлік графика» құзыреттілігі – Кәтіп Нұржан

Төменде аталған 4 құзыреттілік бойынша медальон иеленді.

– «Сән технологиясы» құзыреттілігі – Исанова Дидар

– «Бизнеске арналған IT шешімдері» құзыреттілігі – Нұрғали Жанғали (ZHAKE)

– «Аспаз ісі» құзыреттілігі – Абишов Адхам

– «Наубайхана шеберлігі» құзыреттілігі – Мақсұтхан Көркем

Қорытындылай келе, биыл колледж қоржынына 5 алтын, 3 қола медаль және 4 медальон қосылды.

Облыстық кәсіби шеберлік чемпионатында суырылып шыққан жеңімпаздарымызды, білікті студенттерді дайындаған сарапшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Алдағы уақытта республикалық чемпионатқа барып Түркістан облысының намысын қорғайтын қатысушыларымызға сәттілік тілейміз!

#

Comments are closed