Бүгін Түркістан Қаласы Әкімдігінің қолдауымен «Тұңғыш президент» саябағында «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Менің жасыл қалам» атты экоквест танымдық ойыны ұйымдастырылды. Сенбілікке «»Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің студенттері белсене атсалысты.

Іс-шараның мақсаты: Қала саябақтарында тазалық сенбілігін жасай отырып, демалу. Тазалау мен демалуды қатар өткізу. Позитивті сенбілік ұйымдастыра отырып, жастардың уақытын көңілді әрі танымдық бағытта өткізуіне ықпал ету.

Сенбілікке қатысушылар Түркістан қаласындағы «Тұңғыш президент» саябағына жиналып, екі топқа бөлініп сенбілік жасады. Сенбілік барысында «Квест» ойыны ұйымдастырылады. Сенбілік соңында командалар «Алғыс хатпен» марапатталып, сыйлыққа ие болады.

#

Comments are closed