Бүгін колледжімізде «Worldskills Turkistan» өңірлік чемпионатының «Ақпараттық кабельдік желілер», «Мобильді робототехника», «Мейрамхана ісі» құзыреттіліктері бойынша ашылу салтанаты өтті. Аталған құзыреттіліктердің бас сарапшылары сөз алып, қатысушыларды таныстырды.

Іс-шарада директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Д.Еркебалаев білікті кадрларды даярлау бойынша облыстық чемпионаттың маңыздылығын атап өтіп, қатысушыларға табыс тіледі. Сонымен қатар, 2022 жылы «Ақпараттық кабельдік желілер» құзыреттілігі бойынша республикалық чемпионаттың ІІ орын иегері Б.Мәуленқұл қатысушыларға сәттілік тіледі.

Білікті кадрларды даярлауға, жаңа идеялар мен трендтер құруға және кәсіби білім сапасы мен кәсіби шеберлік дағдыларын арттыруға мүмкіндік беретін облыстық байқауға өңірдің барлық колледждерінен 34 түрлі құзыреттілік бойынша білім алушылар бақ сынағалы отыр.

Естеріңізге сала кетейік, I орын алған өңірлік кезең жеңімпаздары Астанада өтетін “WorldSkills Kazakhstan” республикалық кәсіби шеберлік чемпионатына жолдама алады.

#

Comments are closed