2023 жылдың 27 ақпан күні “Оқуға құштар колледж” акциясы аясында арнайы пән оқытушылары Ә.Сәтенхан мен М.Дадажанова “Туған өлкем Түркістан, сенің атауында не сыр бар? тақырыбында “Күзет” кітапханалық викторинасын өткізді.
Викторинаның мақсаты – туған қаланың тарихымен танысу,
оқушылардың өз қаласы туралы білім деңгейін анықтау, патриотизм сезімін, өз қаласын дамыту үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Сайыс барысында қатысушыларға викторинаның негізгі ережелері, туған өлкенің тарихы, көрікті жерлері, таныстырылды. Викторина 4 кезеңді қамтыды:
1.“Түркістан қаласының тарихы”
2.“Түркістан қаласының картасы бойынша
3.“Қазіргі қала”
4.“Нысанды тану”
Викторинаға қатысушы білім алушылар “Дарындылар”, “Алғырлар”, “Сұңқар” атты 3 командаға бөлінді.
Викторина сұрақтарына түгел дұрыс жауап берген қатысушылар туған өлкенің тарихы саласындағы білімдерін жоғары деңгейде көрсете отырып, жарыс қорытындысы бойынша:
1-орын “Дарындылар” командасы;
2-орын “Алғырлар” командасы;
3-орын “Сұңқар” командасы иеленді.
Қатысушылар сұрақтарға өте белсенді түрде жауап берді.
Comments are closed