• Түркістан қ., Тәуке хан даңғылы №340
  • Байланыс:+7 (72533) 3-10-11
  • ДC - ЖМ: 8:00 AM - 19:00 PM

«Туған тілім қазынам алтын кенім» ашық сабағы өтті

Апр 7, 2023 Жаңалықтар

«Әлеуметтік және педагогикалық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының оқытушысы М.Кенжебаев ДТС-1121 тобына «Туған тілім қазынам алтын кенім» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтті.

Ашық тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру, ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу, көркем әдебиетті сүйіп оқуға, ізденімпаздыққа баулу, оқулық пен қосымша материалдар деректерін пайдаланып, танымдық әрекеттерін жетілдіру.

Ашық тәрбие сағатында «Тіл туралы ой – қозғау», Ұлылардан қалған ұлы сөздер, мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер айтылып, бейнебаян көрсетіліп, білім алушылар белсенді түрде ат салысып, бір-бірінің пікірін құрметтей отырып, қызығушылықтарын арттыра түсті.

«Тіл деген – бізге өткен дәуірлерден қалған асыл мұра. Ол тіл атамыздаң ақылынан, анамыздың сүтімен жаралған. Қазақтың өз тілі – қазақ үшін алтын бесік». Ендеше, Ана тілімізде таза сөйлеп, бүкіл құнары мен нәрін бойымызға сіңіре білейік.