• Түркістан қ., Тәуке хан даңғылы №280
  • Байланыс:+7 (72533) 3-10-11
  • ДC - СБ: 8:00 AM - 19:00 PM

8 наурыз — Халықаралық әйелдер мерекесіне орай ашық тәрбие сағаты өткізілді

Наурыз 7, 2023 Жаңалықтар

«Бағдарламалау және дизайн» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің «Әлемді бейнелеген нақты ғылымдар» тақырыбындағы айлық іс-шара жоспарына сәйкес, «Дизайн» мамандығының оқытушылары Р.Тажиметова, М.Розметованың ұйымдастыруымен “Ана-өмірдің шуағы” тақырыбында 8 наурыз — Халықаралық әйелдер мерекесіне орай ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Мақсаты: Оқушыларға ата-ана алдындағы парыз бен қарыздары туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый-құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру. Ашық тәрбие сағатында «Рахмет сізге ана» поэзиясын, «Кешір мені ана» қойылымын, «Ана сен бақыттысың» атты өлеңдерімен оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Аталған іс-шараға КДН-0921 және КДН-1122 топтары қатысты.