Бүгін оқу ордамызда 15-қараша “Ұлттық валюта” күніне орай ұйымдастырылған іс шарамызға арнайы шақырылған қонағымыз экономика ғылымдарының докторы, профессор Бораш Смайылұлы Мырзалиев Ахмет Ясауи Колледжінің кітапханасына өзі авторы болып табылатын түрлі экономикалық тақырыптағы 50 дана кітабын сыйға тартты. Ахмет Ясауи Университетінің негізін қалаушылардың бірі саналатын ғалым-ұстаз “есеп және аудит” мамандығының студенттерін өзінің еңбек жолымен таныстырып, бухгалтер мамандығының ерекшеліктерін, кәсіби маманға қажетті дағдылар мен қасиеттердің қыр-сырын түсіндірді. 1993 жылы қарашада теңгені алғашқы рет айналымға енгізудегі орын алған экономикалық мәселелер төңірегінде әңгіме қозғап, ұлттық валютаны енгізудің қаншалықты маңызды болғаны туралы тарихи фактілермен бөлісті.
No responses yet