Республика күні қарсаңында жастарды патриоттыққа, адалдыққа, азаматтыққа, отансүйгіштікке баулу және тәрбиелеу мақсатында Ахмет Ясауи Колледжінің студенттері “Атамекен – алтын бесік” тақырыбында диктант жазды. Тек тәрбиелік маңызы емес, сонымен қатар, жазу сауаттылығы дағдысын қалыптастыратын бұл шараға 150-ден астам студент қатысты. Диктант қорытындылары сараланып, оқу процесі барысында есепке алынады. Ал үздік студенттер колледж басшылығы тарапынан марапаттарға ие болды.
No responses yet