2023 жылдың 27 ақпан күні «Гуманитарлық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің «Ұлы тарих кемел келешекке жетелейді» тақырыбындағы апталық іс-шара жоспарына сәйкес, география пәнінің оқытушылары Н.Ибрагимова мен С.Сайдуллаева «Геокруиз» атты географиялық сайыс сабақ өткізді.
Сайыс сабақтың мақсаты: ойынға қатысушылар арасынан лидерді анықтау, оларды тез ойлауға, алғырлыққа, тапқырлыққа, ізденуге баулу.
Сайысқа 1 курс білім алушылары қатысты. Олар «Білгірлер» және «Тапқырлар» болып екі топқа бөлінді.
Сайыс 5 кезеңді қамтыды.
I кезең «Артық болмас білгенің…»
II кезең «Кім жылдам?»
III кезең «Жеті жұмбақ»
IV кезең «Қара жәшік»
V кезең «Тұлғалар»
Нәтижесінде әр кезеңнің тапсырмаларын орындау барысында жинаған ұпай сандарына қарай, «Тапқырлар» тобы жеңіске жетіп, қатысушылар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Comments are closed