2026 жылғы 9 қыркүйекте №3 жатақхана студенттерімен құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге Түркістан ҚПБ ҚҚБ УПИ полиция аға лейтенанттары Купаев Нұрлыбек, Нұрсейіт Дінислам, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Надирбаев Шохан және жатақхана тәрбиешісі Абдихадирова Света қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – студенттердің жатақханадағы тұрмыс-тіршілігімен және әлеуметтік жағдайымен танысу, өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу, ұсыныс-тілектерін тыңдау, сондай-ақ құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Іс-шара барысында білім алушылар жатақханадағы өмір сүру жағдайлары, ішкі тәртіп талаптары, психологиялық қолдау және әлеуметтік көмек мәселелері бойынша өз ой-пікірлерін білдірді. Қатысушылар тарапынан қажетті ақпараттар беріліп, студенттердің сұрақтарына нақты жауаптар ұсынылды.
Кездесу ашық әрі еркін форматта өтіп, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға және қауіпсіз әлеуметтік орта қалыптастыруға бағытталды.
Осындай профилактикалық кездесулер білім алушылардың құқықтық мәдениетін арттырып, құқықбұзушылықтың алдын алуда маңызды рөл атқарады.

Comments are closed