2026 жылғы 10 қыркүйек күні «Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжінде» колледж директорының қатысуымен жатақхана студенттеріне арналған жалпы жиналыс өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – студенттерге жатақханада тұру тәртібін түсіндіру, құқықтары мен міндеттерін таныстыру, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру.
Жиын барысында:
🔹 жатақханада тұру ережелері мен ішкі тәртіп талаптары;
🔹 студенттердің құқықтары мен міндеттері;
🔹 тазалық пен тәртіпті сақтау;
🔹 өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау;
🔹 жатақханадағы тұрмысты дұрыс ұйымдастыру және өзара сыйластық мәселелері түсіндірілді.
Сонымен қатар студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар мен түсіндірмелер алды.
Осындай кездесулер студенттердің қауіпсіз әрі қолайлы ортада білім алып, тәрбиеленуіне, жауапкершілігін арттыруға және жатақханадағы тәртіп пен өзара сыйластықты нығайтуға бағытталған.

Comments are closed