«Әлеуметтік және педагогикалық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің “Білекті-бірді жығады, білімді-мыңды жығады” тақырыбындағы айлық іс-шара жоспарына сәйкес дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Д.Жақсылықовтың ұйымдастыруымен акт залда «Ясауи көшбасшысы» интеллектуалды сайысы 1-курстардың арасында өткізілді .

Сайыстың мақсаты: Студенттерді білімді, дарынды, жан-жақты болуға баулу. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Бұл сайысқа 12 студент қатысып, бақ сынады. Жарыс “Бәйге”, “Ойла да, тап!”, “Логикалық сұрақтар” бойынша 3 кезеңнен тұрды. Әрбір кезеңнен 3 қатысушымен қоштасып отырды. Нәтижесінде ең үздік болған 3 жеңімпаз анықталып, барлық сайысқа қатысушылар сый-сияпатпен, медальдармен марапатталды.

1. ЭЕМ-0922 тобының студенті Кәтіп Нұржан 1-орын

2. ЕТБ-0922-2 тобының студенті Мақсұт Жалғас 2-орын

3. ЕТБ-0922-2 тобының студенті Сман Даурен 3-орын

#

Comments are closed