Астана қаласында 2024 жылдың 14-16 қараша аралығына жоспарланған жұмысшы мамандықтары бойынша өтілетін «WorldSkills Kazakhstan 2024» ұлттық чемпионаты басталды.
Биылғы чемпионатта Түркістан облысы қатысушылары 29 құзыреттілік бойынша өз шеберліктерін сынайды.
Ұлттық чемпионатты ашу салтанатында оқу-ағарту министрінің бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева WorldSkills қозғалысының әлемде жұмысшы мамандықтарының беделін көтеруге көмектесетін маңызды құрал екенін айтты. Бүгінде бұл қозғалыс 89 елді біріктіреді және Қазақстан да осы елдер қатарында.
Сонымен қатар, “Түркістан Ахмет Ясауи” кәсіби колледжінің студенттері де ұлттық додада “Мобильді қосымшаларды құру”, “Ақпараттық кабельдік желілер”, “Графикалық дизайн”, “Мобильді робототехника” құзыреттіліктері бойынша бақ сынауда.
Айта кетейік, «WorldSkills Kazakhstan 2024» чемпионатының жеңімпаздары ұлттық құраманың қатарына қосылып, келесі жылы қыркүйек айында Данияда өтетін EuroSkills-2025 халықаралық чемпионатында Қазақстанның атынан қатысады.

#

Comments are closed