Қаңтар айының 8-і күні колледж педагог-психологы Г.Сауқымбаева қысқы емтихан сессиясы алдында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жасырын «Таза сессия» сауалнамасын ұйымдастырды. Сауалнамаға 270 студент қатысты.
Сауалнама сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы шаралардың тиімділігін арттыруға, оқу орнында сыбайлас жемқорлық актілерін жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға бағытталды. Негізгі міндет – сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, оқу орнында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын анықтау, олардың алдын алу бойынша ықтимал тетіктерді қарау. Акция қорытындысы колледждегі сыбайлас жемқорлық ахуалының қазіргі жағдайын көрсетті. Оқу процесінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің көріністері байқалмады. Сауалнамаларда респонденттер колледждегі сыбайлас жемқорлық көріністерін жоққа шығарды.

#

Comments are closed