«Гуманитарлық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің «Туған өлке–туған тарих қазынам» тақырыбындағы айлық іс-шарасы аясында оқытушы Г.Сауқымбаева ДТС-0923-1 тобына «Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны мен міндеттері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың басты мақсаты – студенттерді адамгершілікке, мейірімділікке, қайырымдылыққа, кішіпейілдікке баулу, сондай-ақ жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Сабақ барысында студенттер адамгершілік құндылықтары туралы пікір алмасып, өмірлік жағдайлар арқылы ізгілік пен жамандықтың ара-жігін ажыратып, жақсылық жасаудың маңызын түсінді.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар студенттердің бойында адами құндылықтарды қалыптастыруға, оларды ізгілікке бағыттауға ықпал етеді.

Comments are closed