Түркістан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында 18–22 мамыр аралығында өтетін «WorldSkills Turkistan-2026» облыстық чемпионаты өз жұмысын бастады.
Аталған чемпионатта «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі 21 құзыреттілік бойынша қатысуда. Сонымен қатар, колледжімізде 5 құзыреттілік бойынша жарыстар өткізілуде:
• Веб технологиялар
• Ақпараттық қауіпсіздік
• АКТ желілерінің инфрақұрылымы
• Мобильді робототехника
• Мейрамханалық сервис
Бұл чемпионат студенттердің кәсіби шеберлігін шыңдап, тәжірибесін арттыруға, сондай-ақ еңбек нарығына қажетті құзыретті маман ретінде қалыптасуына зор мүмкіндік береді.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Comments are closed