«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» атты экологиялық акция өткізілді.
Акция барысында колледждің ерікті жастары белсенділік танытып, оқу орнының ауласын тазалау, қоқыстарды жинау және айналаны абаттандыру жұмыстарына атсалысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа жанашырлық сезімін арттыру, қоғамдық пайдалы еңбекке баулу және қоршаған ортаға деген жауапкершілігін нығайту.
Аталған бастама жастардың еңбекқорлық, тазалық, ұйымшылдық және туған жерге қамқорлық құндылықтарын бойына сіңіруге бағытталды.
Таза табиғат – салауатты орта мен жарқын болашақтың кепілі!

#

Comments are closed