2026 жылғы 23 қазанда колледжімізде оқытушы Шарипова Зиеданың ұйымдастыруымен КДН-0926 тобының студенттеріне «Электр тогы. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты – студенттерге электр тогы және тізбек бөлігіне арналған Ом заңы туралы түсінік қалыптастыру, заңның негізгі формулаларын меңгерту және оларды есептер шығаруда тиімді қолдануға үйрету. Сонымен қатар топпен бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталды.
Сабақ барысында студенттер тақырып бойынша білімдерін толықтырып, теориялық білімдерін есептер шығару арқылы бекітті.

Comments are closed