Колледж студенттері арасында «SMART BALA» жобасы аясында Жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып, TEDx форматындағы «Startup Pitch» тренингі өткізілді.
Тренингтің негізгі мақсаты – жастардың креативті ойлау қабілетін дамыту, тың идеяларын қолдау және стартап жобаларды әзірлеу дағдыларын қалыптастыру.
Кездесу барысында қатысушылар өз идеяларын ортаға салып, оларды жүзеге асыру жолдарын талқылады. Сонымен қатар, жобаларын көпшілік алдында сенімді таныстыру мен қорғаудың қыр-сырын меңгеріп, кәсіпкерлік бағытта жаңа білім мен тәжірибе жинақтады.
💡 Әрбір үлкен бастама кішкентай идеядан басталады. Бастысы – сол идеяға сену, оны дамыту және жүзеге асыруға батыл қадам жасау!

Comments are closed