«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған 10 күндік профилактикалық іс-шаралар легі жалғасуда.
Осы бастама аясында дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Спорт – есірткіге қарсы!» ұранымен студенттер арасында спорттық жарыстар өткізілді.
Жарыс барысында қатысушылар футбол, волейбол, жүгіру және эстафеталық сайыстар бойынша бақ сынап, өздерінің шапшаңдығын, ептілігін, төзімділігі мен спорттық шеберліктерін көрсетті. Сонымен қатар командалық бірлік, ұйымшылдық пен жеңіске деген жігер танытты.
Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықты арттыру, зиянды әдеттерден аулақ болуға үндеу және нашақорлықтың алдын алу. Сондай-ақ студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастырып, дене белсенділігін арттыруға бағытталды.
Спорттық жарыс тартысты әрі көтеріңкі көңіл күйде өтіп, қатысушыларға ерекше серпіліс сыйлады.
Спорт – денсаулық кепілі, салауатты өмір салты – жарқын болашақтың негізі!
🚫 Есірткіге жол жоқ! Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз!

#

Comments are closed