«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жоспары аясында 6-шы желтоқсан күні «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» күніне орай құқықтану пәнінің мұғалімі Г.Қалдыкөзованың ұйымдастыруымен «Адалдық-адамгершілік белгісі» тақырыбында дебат өтті.
Мақсаты: оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ете отырып, адалдық, шындық туралы түсінік беру, бірін-бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.
Дебатта «Үкімет» тобының және «Оппозиция» тобының спикерлері өз позицияларына сәйкес ойын көрсетті. Сайысқа оқушылар белсене қатысып, ұтымды ой айтып, түйінді пікір білдірді.
Comments are closed