«Әлеуметтік және педагогикалық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігі, «Құқықтану» мамандығының арнайы пәндер оқытушысы Ж.Якупова ЗҚТ-0920-1 тобының студенттеріне «Адвокаттық кеңес» тақырыбында сабақтан тыс іс-шара өтті.
Іс-шараға Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің, «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, адвокаттар алқасының мүшесі Көшербаева Гүлшат Нұрлыбекқызы қатысты.
Білім алушыларға адвокаттық қызмет туралы, заң консультанттарының кеңесі, оқу-танысу практикасының мазмұны, заң кеңесіне қатысушылар, клиент және оларға құқықтық ақпарат беру мағлұматтарымен кеңінен таныстырылып, құқықтық кеңестер берілді.
Кездесуге келген мамандарға білім алушылар тарапынан сауалдар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды.
Кездесу соңында өз салалары бойынша жұмыс жүргізіп жатқан әріптестеріне алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.


Comments are closed