Бүгін 13-17 қараша аралығында болатын «Агроөндірістік» пәндік циклдік комиссия бірлестігінің «Аграрлық сала-білім мен ғылым қазынасы» атты апталық іс-шарасының ашылу салтанаты болып өтті.
Мақсаты: Студенттердің аграрлық салаға деген қызығушылығын арттыру. Студенттердің бойында салауатты өмір сүру жайлы түсініктерін қалыптастыру, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, экологиялық мәдениетке және табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында колледжіміздің «Аспаз» мамандығы мен «Ветеринария» мамандығы жайында баяндамалар оқылды, фуршет дастарханы жайылды, мамандыққа сәйкес құрал-жабдықтар қойылды. Оқу ордамыздың студенттері ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетті.
Comments are closed